Қолөнер

 

 

Қазақ жерінде ХVІІІ – ХІХ ғасырларда қолөнер дәстүрлері қатты дамыған. Әсіресе жүннен жасалған ашық түсті текеметтер, қара ала сырмақтар, қызылды-жасылды түскиіздер, ал қызыл гүлді кілемдер, қошқар мүйізді алашалар мен тоқылған сандық қап, аяқ қап, кесе қап және шекпен, шапан, т.б.

Сонымен бірге, қазақтың өткен заманда дамыған қолөнер түрізергерлік өнер. Бұрынғы заманда Қазақстан жерінде алтын, күміс, қорғасын, мыс, қалайы тағы басқа металдар өндірілген. Олардың түрлерінен бұйымдар, киім-кешектер де әзірленген. Әсіресе әйелдерге, қыздарға арналған шолпы, білезік, қапсырма, сақина, жүзік, сырға, алқа, түймелер жасаған.

 

 Киіз үй

 

 

          Киіз үй негізгі төрт бөлшектен тұрады. Ол – кереге, уық, шаңырақ, есік. Бұлардың бәрі ағаштың мынадай түрлерінен жасалады: тал, қайың, терек. Ең жақсысы – тал. Кереге, уық, шаңырақ, есікті осы кәсіпке маманданған шебер жасайды. Үйшілер көбінесе талды өзендер бойында тұрады. Олар – Еділ, Жайық, т.б. кішірек өзендер. Ағаш бөлшектерді жасау үшін үйшілер мор, тез, үскі деген ұлттық жабдықтарды пайдаланған.

1. Жаттығу.  Осы мәтіннің мазмұнын айтып беріңіздер.

2. Жаттығу. Мәтіннен қазақтың ұлттық бұйымдарының атауларын теріп жазып, аударып, жаттап алыңыздар.

 

          Радиоэлектроника

 

 

Радиоэлектроника - ғылым мен техниканың ақпарат тарату, қабылдау және түрлендіру үшін электрмагниттік өріс энергиясын пайдалану мәселелерін қарастыратын саласы. Радиоэлектроника 20 ғасырдың 50 жылдары пайда болды. Ол радиотехника мен электрониканы, оптикалық электрониканы, шалаөткізгіштік электрониканы, микроэлектрониканы, криоэлектрониканы, инфрақызыл техникасын, т.б. қамтиды.

Радиоэлектроника автоматика, техникалық кибернетика және электрондық есептеу техникасымен тығыз байланыста. Радиоэлектроникада радиотехникалық тізбектер мен құрылғыларға талдау және синтез жасауға, олардың құрылымы мен параметрлерінің тиімділігін  анықтауға математика кеңінен пайдаланылады.

Радиоэлектрониканың электракустика және электроникамен бірігіп кеткен салалары бар. Қазіргі Радиоэлектроника физиканың көптеген салаларымен, әсіресе қатты дене физикасы, радиофизика, оптика және механика сияқты салаларымен тығыз байланыста дамып келеді. Радиоэлектроника ғылым және техникамен қатар өндірісте, медицинада, экономикада, т.б. қолданылады.

1. Жаттығу. Жаңа сөздерді аударып жазыңыздар.

          өріс -

          мәселелер -

          шалаөткізгіш -

          қамтиды -

          есептеу -

          тығыз -

          талдау -

          құрылымы -

2. Жаттығу. Жаңа сөздерді аударып жаттаңыздар.

Сым, жүзеге, байланыс, күшейткіш, талшық, ұялы, қашықтық, жылжымалы

3. Жаттығу. Мәтінді оқып аударыңыздар, туынды сын есімді және етістіктің шақтарын табыңыздар.

4. Жаттығу. Мәтін бойынша сұрақ-жауап құрастырыңыздар.