Қарағанды

 

 

Қарағанды қаласы 1932 жылы 10 наурызда құрылды. Бастапқы орталығы Перопавл қаласы болды. 1934 жылы ақпан айында қала атағы берілді. 1936 жылы Солтүстік Қазақстан облысы құрылғаннан кейін Қарағанды облысының орталығы Қарағанды қаласына көшірілді. Облыс жерінде көмір өнеркәсібінің дамуымен бірге Балқаш және Жезқазған қалаларында мыс өндірісі тез өрге басты.

Қарағанды металлургия комбинаты шойын, болат пен прокат шығаратын толық металлургиялық циклы бар саланың ірі кәсіпорындарының бірі болып саналады.

Ол жұқа ақ қаңылтыр қоспасыз динамо болатын, ауыр жүк таситын «Камаз» автокөлігінің бел темірін лонжеронды үшін қоспасы аз болат және экспортқа арналған ыстықтай қақталған орамдар дайындайтын еліміздегі ірі өндіріс болып табылады.

Қарағанды аймағында ғылым мен ғылыми мекемелер өркендеп келеді.

Облыс республикасының аса ірі жоғары оқу орындары орталықтарының біріне және университеттер, институттар, колледждер, училищелер мен мектептер жоғары білікті кадрлар көркіне айналды.

1. Жаттығу. Мәтінді толықтырыңыз, мазмұнын айтып беріңіз.

2. Жаттығу. Мәтіндегі жай сөйлемдерден салалас құрмалас сөйлемдер жасаңыздар.

 

Радиобайланыс жүйесі

 

 

Радиобайланыс жүйесі - радиотолқындар арқылы жүзеге асырылатын электр байланыс түрі. Радиобайланыс жүйесі хабар таратуға арналған радиотаратқыш орталықтан және сол хабарды қабылдайтын радиоқабылдағыштан тұрады.

Радиотаратқыш орталықта тасымалдаушы жиіліктегі гармондық тербеліс өндіріліп, берілетін хабар арқылы сол тербелістердің белгілі параметрі модуляцияланады. Модуляцияланған тербеліс күшейтіліп, антенна арқылы кеңістікке радиотолқын түрінде таратылады.

 Радиотолқын қабылдағыш антеннада электр тербелістерін қоздырады. Қабылданған әлсіз электр тербелістері радиоқабылдағышта күшейтіледі, одан модуляциялаушы хабар сигналы бөлініп алынып, дыбысқа түрлендіріледі.

1. Жаттығу. Мәтінді оқып аударыңыздар.

2. Жаттығу. Жаңа сөздерді теріп жазыңыздар.

3. Жаттығу. Осы жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрастырыңыздар.

4. Жаттығу. Мәтін бойынша сұрақ-жауап құрастырыңыздар.