Біздің университет

 

 

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті (ҚарМТУ) 1953 жылы құрылды. Алғашқы атауы - Қарағанды тау-кен институты. ҚарМТУ-дың бірінші ректоры Нұрмұхамедов Юнас Қадырұлы болды.

1955 жылдан 1987 жылға дейін ҚазССР Ғылым Академиясының академигі, профессор, техника ғылымдарының докторы, ҚазССР Мемлекет сыйлығының лауреаты, Социалистік Еңбек Ері Әбілқас Сағынұлы Сағынов ректор болды.

Бүгінгі күні университетіміздің ректоры - техника ғылымдарының докторы, профессор Пивень Геннадий Георгиевич. Қазіргі уақытта 9 факультет бар.

Бүгінгі күні ҚарМТУ - Қазақстандағы мемлекеттік статусқа ие болған техникалық оқу орындарының бірі. Біздің бітірушілер Мәскеу мен Санкт-Петербургте, Украина мен Грузияда, Армения мен Молдовада жұмыс істейді. Көбі алыс шет елдерде - Израиль, АҚШ, Франция және басқа Батыс елдерінде еңбек етіп жүр.

Қазіргі уақытта университетте 43 мамандық бойынша 9 факультет қалыптасқан. Олар: телекоммуникация, энергетика және автоматика, тау-кен, ақпараттық технология, экономика, машина жасау, сәулет - құрылыс, жол-көлік, қашықтықтан оқыту, әскери - техникалық факультеттері. Профессорлық-оқытушылар құрамы 44 ғылым докторы, профессорлар, 26 академик және республикалық, халықаралық академиялардың корреспондент мүшелері бар 238 ғалымды құрайды.

Біздің оқу орнының бітірушілері дамып жатқан нарықтық еңбекке психологиялық түрде дайын.

1. Жаттығу. Осы мәтіннің мазмұнын айтып беріңіздер.

2. Жаттығу. Сөйлем түрлеріне қарай талдаңыздар.

 

Электрмагнитті жаңа жүйе

 

 

Электрмагнитті тасымал жүйесінің жобасын Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының кен істері институтының мамандары ұсынған болатын. Электрмагнитті тасымал жүйесі цехтарда жасалған бөлшектерді қоймаларға жеткізуге арналған. Ұзындығы 100 метрге жететін жүйе бір тоннадан артық жүк көтеріп, секундына 6 метр жылдамдықпен жүре алады. Бұл контейнерді рельсте пайда болатын магнит өрісі қозғалысқа келтіреді. Ол руда, көмір сияқты жүктерді де таси алады. Мамандардың есептеуінше, электрмагнитті тасымал жүйесі әрі қолайлы, әрі арзанға түседі.

1. Жаттығу.    Жаңа сөздерді жаттаңыздар.

              тасымал жүйесі – система перевозки

              кен істері – горные дела

              қоймалар – склады

              ұзындығы – длина

              жүк – груз

              жылдамдық – скорость

              магнит өрісі – магнитное поле

2. Жаттығу. Мәтінді оқып аударыңыздар.

3. Жаттығу. Осы жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрастырыңыздар. Мысалы: Тасымал жүйесі

4. Жаттығу. Мәтін бойынша сұрақ-жауап құрастырыңыздар.