Қазақтың ұлттық музыкасы

 

 

Қазақтың ұлттық музыкасының ұзақ тарихы, өзіндік бай дәстүрі бар. Қазақтың ұлттық өнерпаздары сан алуан. Олар: ақындар, жыраулар, әншілер, күйшілер, ертекшілер, күлдіргіштер.

Домбырада немесе қобызда орындалатын музыкалық пьесаны «күй» деп атайды. Ең ежелгі күй Қорқыт ата күйлері болып саналады. Ол 1200 жыл бұрын дүниеге келген. Атақты халық композиторларының біріҚұрманғазы. Ол 60-тан астам күйлер шығарған. Күйші-композитор ретінде Тәттімбет Қазанғапұлын (1815–1860) атауға болады. Композитор Ықылас Дүкенұлы (1843–1916) – қобыз классикасының шебері. Көрнекті композиторлар мен орындаушылар– Дина Нүрпейісова, Біржан (Сал) Қожағұлов, Ақан сері Қорамсаұлы. Сарымалай (1835–1885) сыбызғыға арналған классикалық күйлер шығарып, оның өте тамаша орындаушысы болған.

1. Жаттығу. Осы мәтінді толықтырып, мазмұнын айтып беріңіздер.

2. Жаттығу. Бірінші сөйлемге фонетикалық және морфологиялық талдау жасаңыздар.

 

Телекоммуникация

 

 

Телекоммуникация, телеқатысым (сат. теІе - қатынасу, байланысу, грек. қашық және ағылш. communication - байланыс) - ғылым мен техниканың халықты ақпараттық қызметтің барлық түрімен қамтамасыз ететін саласы; қашықтықтан ақпарат алмасуды жүзеге асыратын технологиялар жиынтығы. Телекоммуникация саласы Қазақстанға 20 ғасырдың 70-ыншы жылдарынан ене бастады. Телекоммуникация электрбайланыс және компьютердің көмегімен ақпараттың барлық түрлерін (дыбыс, дерек, қозғалмалы және қозғалмайтын бейне, мультимедиа) талшықты оптикалық байланыс кабелі, радио, ЖЖС, т.б. байланыс түрлері арқылы таратады. Электр дабылдарын таратып - қабылдауды телекоммуникация жүйесі атқарады. Бұл жүйе ақпаратты пайдаланушыларға дыбыс немесе бейне-көрініс түрінде тарататын жабдықтар жиынтығынан тұрады.

1. Жаттығу.  Мәтінді оқып аударыңыздар.

2. Жаттығу.   Жаңа сөздерді теріп жазыңыздар.

3. Жаттығу.   Осы жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрастырыңыздар.

4. Жаттығу.   Мәтін бойынша сұрақ-жауап құрастырыңыздар.