Алтын адам

 

 

Бүкіл Еуразиялық байтақ даласын күн шуақты - алтынды «аң тәсілді» өнерімен көмкерген ата - бабаларымыз кейінгі ұрпағы мақтанарлықтай өлмес мұралар қалдырды. Соның бірі - әлемдегі өнер сүйер қауымды елең еткізген, бір тума ескерткіш. 1969-1970 жылдары Алматы қаласынан 50 шақырым жердегі Есік қорғанынан табылған «Алтын адам» кейпі. Оны алғаш ашып, әлемге танытқан ғалым - археолог Кемел Ақышев. Бұл обаға б.з.д.V-IV ғасырда өмір сүрген 17-18 жас шамасындағы сақ жауынгері, сол кездегі дәстүр бойынша, киімімен, тұрмыстық заттарымен қоса жерленген.

Оның салтанатты биік бас киімі, бешпенті, шалбары мен етігіне дейін 200-ден астам аң, құс сипатты алтын әшекейлермен безендірілген. Қару-жарағы, сақинасы да алтын. Оның «Алтын адам» аталуы да сондықтан.

Сонымен қатар, ағаш ыдыс-аяқтар т.б. заттар қойылған. Соның бірі - 26 таңбадан тұратын жазуы бар күміс тостаған. Оны ғылымда «Есік жазуы» деп атайды.

 «Алтын адам» киімі - сирек кездесетін ғажайып өнер туындысы.

Бұл тек құнды археологиялық олжа ғана емес, ата-бабаларымыздың жоғары мәдениеті, тарихы, біздің тарихымыз, мәдениетіміздің алтын тұғыры.

Осы ескерткіштер қазақ жерін мекендеген бабаларымыздың осыдан 2500 жыл бұрын өзіндік жазуы - сызуы мен өркендеген  мәдениетінің болғандығын дәлелдейді. Бұл тек құнды археологиялық олжа ғана емес, ата-бабаларымыздың жоғары мәдениеті, тарихы, біздің тарихымыз, мәдениетіміздің алтын тұғыры.

1. Жаттығу. Мәтінді аударып, сұхбат құрастырыңыз.

2. Жаттығу. Тәуелдік жалғаулы сөздерді көшіріп жазып, сөйлемдер құрастырыңыз.

3. Жаттығу. Мына сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз.

 

Электр желісі

 

 

Электр желі (пәтердегі) көпшілік тұрғын үйлерде сенекке орналасқан бөлу қалқанынан таратылады. Қалқандағы жалпы ажыратқыдан пәтерге 2 не 3 см тартылады. Олардың бірі төбедегі жарық көзін, екіншісі штепсельдік розетканы, ал үшіншісі электр плиталарын (кейбір үйлерде) токпен қоректендіреді. Әр желінің автоматты айырғысы не балқымалы токқағары болады; желінің бірі қысқаша тұйықталғанда қажетті токқағар іске қосылады да үй басқа сау торапқа (мысалы, штепсельдік розетка желісі) қосылатын жарықтандырғыштан қуат алады. Электр желісінің екі сымының біреуінде фазалық сым деп аталатын кернеу болғандықтан, осы сым мен екінші (нөлдік) сымның арасында қауіпті 220 В не 127 В кернеу пайда болады. Дәл осындай кернеу фазалық сым және жермен электрлік контактіде болатын (мысалы, су құбыры), электр тогын жақсы өткізетін кез келген заттың арасында да кездеседі. Сондықтан, электр желісінің изоляцияланбаған тұсына шам патронының не айырғының контактілеріне қол тигізуге болмайды, ондай жағдайда ток соғуы мүмкін. Ол адам өміріне өте қауіпті.

Пәтердегі электр желісімен жұмыс кезінде міндетті түрде қауіпсіздік шараларын сақтаған жөн; автоматты айырғының не тығынды токқағардың дұрыстығын, сондай-ақ электр сымдарының изоляциясын қадағалап отыру керек.

1. Жаттығу. Жаңа сөздерді  жаттаңыздар

жарық техникасы – светотехника

электр желі – электропроводка

орналасқан – расположен

сақтандырғыш – предохранитель

тартылады – проводится

сым – проволока

 қауіпті – опасно

қауіпсіздік – безопасность

қысқаша тұйықталу – короткое замыкание

жарықтандырғыш – осветитель

2. Жаттығу. Осы жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрастырыңыздар.

Мысалы: Жарық техникасы.

3. Жаттығу. Мәтінді оқып аударыңыздар, күрделі етістікті және етісті табыңыздар.

4. Жаттығу. Мәтін бойынша сұрақ-жауап құрастырыңыздар.

5. Жаттығу. Мәтіннің  мазмұнын айтып беріңіздер