Қаныш Сәтбаев

 

 

         Қаныш Сәтбаев - аса көрнекті ғалым және қоғам қайраткері, ҚазССР Ғылым Академиясының тұңғыш президенті, алғашқы академик. Ол Жезқазған мыс рудалы ауданын ашуда көп еңбек сіңірді.

         Қаныш Сәтбаевтің құрметіне жаңа минерал - Сәтбаев деп аталды.

Қаныш Сәтбаев төрт рет Ленин орденімен, II-дәрежелі Отан соғысы орденімен, медальдармен марапатталды.

Алматы қаласындағы №56 мектепке Қ.Сәтбаев есімі берілді, оның атында көше бар. Ол тұрған үйде мемориалдық тақта қойылды. Қарағанды облысында Сәтбаев атындағы қала бар.

Қ.Сәтбаев - 640-тан астам ғылыми еңбектің авторы, қазақстандық металлогения мектебінің негізін қалаушы. Бұл еңбектер негізінен Қазақстан кен орындарының геологиясы мен минералдық қорларын зерттеуге, пайдалы қазбаларды, болжам карталарды құрастыру принциптерін айқындауға арналған.

1. Жаттығу. Мәтінді толықтырып, мазмұнын айтып беріңіздер.

2. Жаттығу. Мәтіннен септік және тәуелдік жалғаулы сөздерді теріп жазыңыздар.

 

  Жарық реттегіш

 

 

  Бұл лампа қуатын қажетіне орай реттеуге мүмкіндік беретін тетік. Лампаның сәуле таратуын жарық реттегіштің көмегімен әркім өз қалауынша қажетіне қарай өзгертуіне, атап айтқанда үйдегі жарықтың деңгейін, телевизия хабарын көргенде көзге қолайлы болатындай бәсеңдетіп қоюға болады. Жарық реттегіш лампаны адамның көңілкүйін көтерерліктей жарқырата жағуға немесе тынығуға жайлы жағдай жасау үшін күңгірттендіріп қоюға мүмкіндік береді. Жарық реттегішті пайдалану үй ішіне  қолайлы жарық түсуіне және электр энергиясын үнемдеуге себепші болады. Жарық ретегіш тұрақты және тасымалды болып әкіге бөлінеді. Тұрақты жарық  реттегішті  электрлік ажыратқыштың орнына орнатады. Жарық  реттегіштің тұтқасын сағат тілінің жүрісі бойынша немесе оған қарама-қарсы бұру арқылы лампаның сәуле таратуын арттыруға немесе кемітуге болады. Тұтқаны шырт еткенше бұраса, лампа жанады немесе сөніп қалады. Тасымал жарық реттегіштің электр желісіне қосуға арналған ашалы шнуры (бауы), сондай-ақ  лампаны қосуға арналған розеткасы болады.

Өнеркәсіп орнында жасалатын «Светон-300» типті жарық реттегіштер айнымалы ток желісіндегі (жиілігі 50 Гц кернеуі 220 В) электр энергиясын пайдалануға арналған.

1. Жаттығу. Мәтінді оқып аударыңыздар, етіс және етістіктің шақтарын табыңыздар.

2. Жаттығу. Мәтін бойынша сұрақ-жауап құрастырыңыздар.

3 Жаттығу. Мына сөйлемге фонетикалық және морфологиялық талдау жасаңыздар.

Алынған электр сигналы телефонға жіберіліп, дыбысқа түрлендіріледі.

4 Жаттығу. Осы мәтіннің мазмұнын айтып беріңіздер.