Ыбырай Алтынсарин

 

 

Қазақ әдебиетінің кемелденуіне үлкен үлес қосқан тұлға - Ыбырай Алтынсарин. Ыбырай Алтынсарин - қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы, жаңашыл педагог, жазушы, ауыз әдебиетін зерттеуші этнограф. Ы.Алтынсарин 1841 жылы Торғай облысының Қостанай уезіндегі Арқақарағай болысында, қазіргі Затобол ауданында туған. Атасы Балқожа белгілі би болған. Ыбырай атасы Балқожаның тәрбиесінде болды. Ол өз бетімен оқып, білім алған. Ыбырайдың білім алуына шығыстың зерттеуші ғалымы В.В.Григорьевтің үлкен әсері болды. Ол халыққа білім беруді арман етті.

Ыбырай Орынбор облыстық басқармасында тілмаштық қызмет атқарды. 1860 жылы Торғайда қазақ балалары үшін мектеп ашу тапсырылды, әрі сол мектепте орыс тілінің мұғалімі болып белгіленеді. Ыбырайдың  ағартушылық-педагогтық қызметі осылай басталды. Тікелей өзінің араласуымен халықтан жинаған қаржыға мектеп үйін және интернат салып, 1864 жылы 8 қаңтарда мектептің жаңа ғимаратын салтанатты түрде ашады. Ұстаздық-ағартушылық қызметке қоса Ыбырайға басқа да жұмыстарды атқару жүктеледі. Орынбор генерал-губернаторының тікелей тапсыруы бойынша Торғайда төрт рет уездік судья болып (1868-1874), Торғай уездік бастығының аға жәрдемшісі (1876-1879) қызметін атқарады.

Ыбырай оқу-ағарту жұмыстарына өз заманының ең озық әдістемелерін қолдана отырып, балаларға білімнің ана тілінде берілуіне айрықша мән береді. «Қазақ хрестоматиясы» атты оқулық, «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» дидактикалық оқу құралын жазды. Бұл кітаптарда оқушыны Отан сүйгіштікке, еңбекке, кісілікке тәрбиелейтін ғибратты шығармалары орын алған. Тек қана оқу-ағарту жұмыстары ғана емес, Ыбырай сонымен бірге сол кездегі қоғамдық-саяси өмірге сергек араласып, ғылым-білімге, еңбек пен өнерге, этнографияға қатысты мақалалар жазды.

         Сөздік:

        аса көрнектівыдающийся

        фольклоршысыфолклорист

        белгілі би - известный бий

        атасы Балқожа - дед Балхожа

        өз бетімен оқып - занимался самообразованием

        шығысты зерттеуші – востоковед             

        тілмаштық - переводческий 

        бастауыш мектеп - начальная школа

        кемелденуіне – развитию

басталады - начинается

қаржы - финансы

ғимарат - корпус, сооружение

әдістемелер - методики

еңбек – труд

ғылым – наука

мақалалар – статьи

тұлға - личность

 

1. Жаттығу.   Бұл мәтіннің мазмұнын айтып беріңіздер.

2. Жаттығу. Мына  сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыздар. Ол халыққа білім беруді арман етті. Ыбырай Орынбор облыстық басқармасында тілмаштық қызмет атқарды.                                                                                                 

       

         Радиотехника өнеркәсібі

 

 

Радиотехника өнеркәсібі - жұмыс істеу принципі радиодиапазондық электрмагниттік тербелістер мен толқындарды пайдалануға негізделген радиотехникалық және радиоэлектрондық өнімдер, құрал-жабдықтар, аппаратура шығаратын өнеркәсіп саласы. Радиотехника, радиоэлектроника, электроника, микроэлектроника салаларын қамтиды.

Радиотехника өнеркәсібінің өнімдері радио байланысында, радиохабар мен теледидар хабарларын таратуда, радиолокация мен радионавигацияда, машиналар мен басқаруда, тұрмыстық техникада, тағы басқа, әр түрлі ғылыми зерттеулерде кеңінен қолданылады.

Электртехника (микроэлектроника) ғылымы мен техникасының басқа салаларға қарағанда соңғы жарты ғасыр ішінде зор қарқынмен дамып, таңқаларлық жетістіктерге жетуі оның халық шаруашылығының барлық салаларындағы мәні мен рөлін арттыра түсті.

1. Жаттығу. Жаңа сөздерді аударып жаттаңыздар:

Өнеркәсіп, тербеліс,  толқын, өнім, сала, байланыс, тарату, кеңінен, зерттеу, даму, жетістік.

2. Жаттығу. Осы жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрастырыңыздар.

Мысалы: Радиотехника өнеркәсібі.

3. Жаттығу. Мәтіннен көптік жалғаулы және септік жалғаулы сөздерді табыңыздар, бірнеше сөйлем құрастырыңыздар.

4. Жаттығу. Мәтін бойынша сұрақ-жауап құрастырыңыздар.